Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, Пәкістанның мамандандырылған алқа соты елдің экс-президентін 6-бап бойынша айыпты деп танып, өлім жазасына кесті.
Пәкістан заңы бойынша конституция ережелерін бұзған адам мемлекетке сатқындық жасады, деп айыпталады екен. Үш адамнан құралған алқа сотының екі мүшесі экс-президенттің қатаң жазалануына дауыс берген.
Тергеу мәліметінше, 2001-2008 жылдары ел басқарған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке сатқындық жасаған. Ол елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот мүшелерін қамауға алу туралы бұйрық берген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
http://islam.kz/
17.12.2019
3672
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру