Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ қызметкері Кавказ елінде өткен жиынға қатысты

ҚМДБ баспасөз қызметі 29.11.2019 2928 0 пікір
ҚМДБ қызметкері Кавказ елінде өткен жиынға қатысты

Қабарда-Балқария Республикасы мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен сол елдің астанасы Нальчик қаласында «Бүгінгі Ресейде исламдық құқықтық мәдениет: жағдайы және келешегі» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.

Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Кувейт, Түркия, Татарстан, Шешенстан, Қарашай-Черкесия, Абхазия және Ресейдің біраз облысының дін басшылары мен мамандары, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар қатысты.

Жиында Ресей империясы мен Кеңес үкіметі кезіндегі қазилық қызметі және тарихы, пәтуа беру жүйесі, отбасылық құқық (үйлену, ажырасу, нәпақа, мүлікті бөлу, баланы асырап алу), сотқа дейінгі қарау, дауды шешу мәселелері туралы баяндамалар оқылды, пікірлер және ұсыныстар айтылды.

Сөз кезегін алған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов алдымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді. Кейін халық арасында туындаған тартысты мәселелерді қарау, діни сұрақ-жауап жүргізу, пәтуа шығару жүйесі бойынша ҚМДБ-да атқарып жатқан жұмыстарды әңгімелеп, тәжірибе бөлісті. 

Іс-шара соңында конференция қатысушыларының резолюциясы қабылданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру