Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыбритания мешіттерінің үздігі анықталды

muslim.kz 19.09.2019 3077 0 пікір
Ұлыбритания мешіттерінің үздігі анықталды

Лондон қаласында Ұлыбритания аумағындағы үздік мешіттерді анықтау мақсатында жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Beacon Mosque Awards жүлдесін табыстау рәсімі өтті. 10 аталым бойынша табысталған жүлде Корольдік аумағындағы үздік мешіттердің бас имамдарына берілді.

Он аталым ішіндегі ең мәртебелі атақ – «Ұлыбританиядағы үздік мешіт басқару» жүлдесі Бирмингем қаласындағы Грин Лэйн мешітіне табысталды. Салтанатты шара барысында мінберге көтерілген Грин Лэйн мешітінің бас имамы Камран Хусейн жүлдені Мохаммед Салим есімді мешіт жамағатының жанұясына табыстайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, аталмыш мешіттің жамағаты Мохаммед Cалим 2013 жылы ақшам намазынан қайтып келе жатқанында экстремисттер қолынан қаза тапқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру