Өзбекстанда әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың дарынды балаларына білім алуда материалдық және моральдық тұрғыда көмек беру тәртібі туралы қаулы бекітілді, деп хабарлайды Ca-News.
Құжатқа сәйкес, дарынды балаларға материалдық және моральдық көмек аймақтық жастар ісі жөніндегі ведомствоаралық кеңес арқылы іске асырылуы тиіс.
Осыған қатысты сұраныстар жыл сайын 1 маусымға дейін жазбаша ұсыныстарымен қоса Өзбекстанның Жастар одағының ұйымдарына беріледі. Қолдау көрсету туралы шешім жыл сайын 30 маусымға дейін қабылданады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру