Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Канада мешіттері қаңғыбастарға пана болды

kazislam.kz 09.02.2019 2992 0 пікір
Канада мешіттері қаңғыбастарға пана болды

Канаданың Эдмонтон қаласында мұсылман қауымы қаһарлы қыс мезгілінде көшеде түнеп жүрген қаңғыбас жандардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы IslamNews сайты CTV News-ке сілтеме жасап хабарлады.

Түнгі уақытта Эдмонтонда ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді. Бұл көшеде түнеп, үйсіз-күйсіз жүргендердің өміріне қауіп төндіреді. Осыған байланысты әл-Радиш қалалық мешіті барлық үйсіз жандарды кешкі сағат 18:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін мешітке түнеуге шақырды.

Мешітке түнейтін барлық жандарға ыстық тамақ, гигиеналық және төсек жабдықтары беріледі. Ал «әл-Рашид» мешітінің имамдары бұл бастамаларын қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің «Жақсылық жасаңдар, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» деген аятымен түсіндірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру