Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропа Құран оқу және азан айту жарысы осы жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өткізілмек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ.
Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтуде. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
azan.kz
03.02.2019
3795
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру