Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Араб елдері босқындарға көмек көрсетуді сұрады

www.kazislam.kz 21.01.2019 2728 0 пікір
Араб елдері босқындарға көмек көрсетуді сұрады

Ливан астанасы Бейрутте Араб мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі төртінші саммиті өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Күн тәртібінде Араб елдері арасындағы экономикалық интеграцияның болашағы мен азық-түлік қауіпсіздігі, сонымен қатар қарулы-қақтығыстан зардап шеккен елдерге көмек көрсету мәселелері болды. Өзге елде босып жүрген сириялық босқындардың да жай-күйі назардан тыс қалмады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, қазір Түркия, Ливан, Иордания, Египет пен Ирак елдерінде 5,6 млн сириялық азамат жүр. Жиында алып державаларды сириялық босқындарды туған еліне оралуына барынша көмек беріп, қол ұшын созуға шақырды.

Сонымен қатар Сирияны араб елдер лигасына қайта қосу туралы мәселесі де қозғалды. Естеріңізде болса, ұйым 2011 жылы Сирияны лигадан шығарып тастаған еді. Ал жуырда бұл елді лига құрамына қосу туралы бастаманы Египет пен Парсы шығанағындағы елдер көтерген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру