Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сирия Араб мемлекеттері лигасы саммитінен бас тартты

www.kazislam.kz 21.01.2019 3450 0 пікір
Сирия  Араб мемлекеттері лигасы саммитінен бас тартты

Сирия билігі Араб мемлекеттері лигасының Бейрутте басталған экономикалық саммитіне қатысу туралы ұсынысан бас тартты. Ливандық Аl-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында Сирия елшісі Әли Әбдулкарим Әли осылай деп мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, бұл Араб мемлекеттері лигасының «Дамаскіге қатысты қателеіктерін жөндемеуіне» байланысты қабылданған шешім. Еске сала кетсек, Сирия Араб мемлекеттері лигасы мүшелігінен 2011 жылы елде азаматтық соғыс басталған тұста шығарылған еді. Осы уақыттан бері лиганы құрушылардың бірі болған Сирия ұйым жұмысына қатыстырылмай алмай келді. Сондай-ақ, Араб мемлекеттері лигасы Сириядағы жағдайды тұрақтандыру келіссөздеріне де қатысқан жоқ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру