Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДАИШ содырлары Ранн қаласын басып алды

www.kazislam.kz 16.01.2019 2951 0 пікір
ДАИШ содырлары Ранн қаласын басып алды

Нигерияның үкімет әскері мен ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) содырлары арасында болған ұрыстан кейін қала содырлардың бақылауына өткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Агенттіктің мәлімдетінше, содырлар елдің шығысындағы Ранн қаласын басып алған. Бұл қала Чад Республикасымен шектесетін шекара маңында орналасқан. Үкімет әскері үлкен шығынға ұшырап, кері шегінуге мәжбүр болған. Қаланың шеткі аймақтары мен орталығы содырлардың бақылауына өткен.

Сондай-ақ, қаланы ДАИШ-тің (Қазақстанда тыйым салынған топ) «африкалық қанаты» басып алғаны хабарланды. Сонымен қатар Батыс Африкада ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған топ) деп аталып жүрген күштік топ пен «Боко харам» лаңкестік топтарының да әрекет еткені айтылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру