Әлемдік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Газа секторы мен Батыс жағалаудағы палестиналықтарға берілетін гуманитарлық көмекті тоқтатты. Бұл жағдай қаржының жетіспеуінен туындаған, деп жазады Ansar.ru.
Палестина террориториясындағы ұйым директоры Стивен Кирни 1 қаңтардан бастап Батыс жағалауда тұратын 27 мың палестина азаматы БҰҰ бағдарламасы аясында тиесілі гуманитарлық көмектерін ала алмайтынын хабарлады. 165 мың палестиналық, оның ішінде Газадағы 110 мың тұрғын тиесілі көмектің 80%-ын ғана алады. Гуманитарлық көмек соңғы төрт жылда әлем елдерінен, оның ішінде Құрама штаттан да қаржылай көмек берілмеуіне байланысты қысқарған. 2018 жылы Әлемдік азық-түлік бағдарламасы Газадағы 250 мың және Батыс Жағалаудағы 110 мың тұрғынға көмек көрсеткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.kazislam.kz
16.01.2019
3266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру