Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Терроризм бойынша 40 адам өлім жазасына кесілді

www.kazislam.kz 16.01.2019 2802 0 пікір
Терроризм бойынша 40 адам өлім жазасына кесілді

Халықаралық террористік топтың құрамына кірген 40-тан аса азамат Тунис сотының алдында аса қатаң жазаға тартылды. Erem Media басылымының мәліметінше, 41 адам өлім жазасына кесілген.

Бұл азаматтардың екеуі қамауға алынған, қалған 39-ына жазаның ауыр түрі сырттай үкім ретінде шығарылған. Айта кету керек, қылмыскерлердің барлығы 2014 жылы 16 шілде күні Тунистің батысындағы Кассерин штатында орналасқан үкіметтік әскерге шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр.

Заңсыз қару-жарақ асынған террористік топ Хеншир ауданындағы Тунис әскерінің екі бөлімшесіне шабуылдап, салдарынан 15 әскери қаза тауып, 20-дан аса әскери жарақат алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру