Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зеңгір үйдей болған мешіт мұнарасы

www.asyldin.kz 10.01.2019 4046 0 пікір
Зеңгір үйдей болған мешіт мұнарасы

Алжирде Мекке мен Медине қалаларында орналасқан ұлы да қасиетті екі мешіттен көлемі жағынан үшінші орынды иеленетін мешіт ашылады. Оның ашылуы 2019 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мешіт құрлысына 2300 жұмысшы өз үлестерін қосуда.

Джамаа Эль Джазайр мешітінің сыйымдылығы - 120 000 адам, ал мұнарасының биіктігі 265 метр, ол әлемдегі ең биік мұнара болмақ.

Мұнараның басына шығу үшін 37-ші қабатқа көтерілу керек, ал жоғарыдан қарағанда аса тартымды көрініс ашылатын болады. Мұнараның өз басы Алжирдің қай жағынан қараса да мен мұндалап тұрады.

Мешіттің басты құлшылық ету орны күмбездің ішкі және сыртқы жақтарында орнатылған шағылдырғыш жүйесі арқылы күндізгі жарықпен жарықтандырылатын болады. Сонымен қатар, мешіт кешеніне бірнеше жеке ғимараттар арқылы да кіруге болады.

Аталмыш мешіт кешенінде конференц-залдар, ислам өнері мен тарихының мұражайы, Алжир тарихын зерттеу орталығы, «Құран үйі» орталығы, коммерциялық ғимараттар, мейманханалар, кітапхана, амфитеатр, жер астындағы 7000 мың автомобиль сыятын көлік тұрағы болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру