Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жапондар шығарған «Мобильді мешіттерге» 45 елден тапсырыс түскен

kazislam.kz 28.11.2018 3281 0 пікір
Жапондар шығарған «Мобильді мешіттерге» 45 елден тапсырыс түскен

Жапония астанасы Токиода 25 тонналық жүк көлігіне орналастырылған «мобильді мешіттерге» сұраныс артып тұр. Қазірдің өзінде 45 елден тапсырыс түскен екен. Бұл жайында bbc.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Бір жерден бір жерге көшуге ыңғайлы бұл мешіттер бастапқыда 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына келетін мұсылман спортшылары үшін жасалған еді. Алайда, өзге мемлекеттер де қызығушылық танытып, қазіргі уақытта 45 елден тапсырыс беріліп отыр. Соның ішінде 2022 жылы өтетін Әлем чемпионаты үшін Катар да өздеріне алғызбақшы.

«Мобильді мешіт» – бір сәтте 50 адам намаз оқи алатын 48 шаршы метрлік көшіп қонуға ыңғайлы болу үшін 25 тонналық жүк көлігіне орнатылған өте ыңғайлы ғибадатхана. 4 адамдық дәрет алатын орны бар, 4 кондиционері бар бұл мешіттің құны 890 мың доллар болған.

Бұл жобаның құрылтайшылар төрағасы Йасухари өзінің сөзінде: «Мен – буддиспін. Алайда, әркімнің емін-еркін құлшылық қылатын бір орта қалыптастырғым келді», – дейді.

«Мобильді мешіттерді» шығаратын компания бұл мешіттерді туристік аймақтарға және халықаралық үлкен шараларға орнатуды жоспарлап отыр.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру