Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған әлемдегі ең үлкен әуежайды ашты деп хабарлайды The Independent.
Президент Ердоғанның айтуынша, әуежай әзірге бір жылда 90 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Ал 10 жылдан соң жылына 200 млн жолаушыға қызмет көрсету жоспарлануда. Бұл әлем бойынша ең үлкен саналатын АҚШ-тағы Атланта әуежайының трафигінен екі есе үлкен көрсеткіш.
Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа әуежайдан алғаш рет үш бағытта: Анкара, Анталья және Измирге сапарын бастамақ. Сондай-ақ Баку мен Эрджан әуежайына да рейс жасайды.
Әуежайдағы жолаушыларға арналған терминал көлемі - 1,3 млн шаршы метр, 88 телетрап, 12 мың орындық көлік орны, 2 ұшу-қону жолағы мен 8 жермен жүру жолдары іске қосылаған.
"Стамбул" немесе "Үшінші әуежай" деп аталған халықаралық әуежайдың құрлысы 2023 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру