Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сирияда ұлттық мұражай ашылды

kazislam.kz 01.11.2018 3562 0 пікір
Сирияда ұлттық мұражай ашылды

Дамаскіде 6 жыл бұрын жабылған ұлттық мұражай қайта жанданды. Елде азаматтық соғыс басталғалы жұмысын тоқтатқан мұражайда әртүрлі дәуірдің тарихи артефактілері жиналған, деп хабарлайды 24.kz.

Қарулы қақтығыс кезінде жауынгерлер көптеген көне жәдігерлер мен мүсіндерді қолды еткен еді. Абырой болғанда, мамандар лаңкестер ұрлаған ұлттық мұражайдың біраз топтамасы мен өзге де провинцияның экспонаттарын сақтап қалған. Мәселен, Пальмирадан әкелінген арыстанның мүсіні көптің таңдайын қақтырды. Кезінде атышулы «Ирак пен Ливан лаңкестік тобы» мүсіннің тас талқанын шығарған.

Жәдігердің барлық бөліктері табылып, қайта қалпына келтірілді. Ал мұражайға жеткізілмеген Алеппо қаласының кей мүсіндерін мамандар сол күйінде сақтап қалу үшін ағашпен қаптап ішіндегі бос орынды цементпен толтырып қойған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру