Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзбекстанда «Әл-Әзһар» университетінің кафедрасы ашылады

kazislam.kz 24.10.2018 3393 0 пікір
Өзбекстанда «Әл-Әзһар» университетінің кафедрасы ашылады

Өзбекстанның халықаралық Ислам академиясы әлемдегі беделді ислами оқу орны – Мысырдың «әл-Әзһар» университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа «әл-Әзһар» университетінің бас имамы шейх Ахмад Таийбтың Ташкент қаласына ресми сапары аясында қол қойылды. Кездесу кезінде шейх Ахмад Таийб Өзбекстан Ислам академиясының құрметті профессоры марапаты берілді.

Ахмад Таийб Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевпен кездесуде Ташкенттегі Ислам академиясы жанынан «әл-Әзһар» университеті кафедрасын ашу және оған мысырлық білікті ғалымдарды тарту ұсынысын қолдады.

Сонымен қатар, тараптар толеранттылықты және ислам құндылықтарын бірлесе насихаттау, оның гуманистік мәнін сақтау, діни-рухани мұраларды зерттеу, әртүрлі қауіп-қатерлерге қарсы күрес жүргізу туралы келісімге келді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру