Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресейдің Новосибирск қаласында IV – ші  ғылыми-тәжіребиелік конференция өтті

Қарағанды өңірлік баспасөз қызметі 26.09.2018 2975 0 пікір
Ресейдің Новосибирск қаласында IV – ші  ғылыми-тәжіребиелік конференция өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазенұлы Бекқожа Ресейдің Новосибирск  қаласында өткен «Зияткерлік Исламның дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын қамтамасыз етудегі этноконфессионалық диалогындағы атқаратын рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Алқалы жиынның мақсаты – дінаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ғылыми отырыста Өмірзақ Бекқожа ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізе келе, жоғары деңгейде өткен аталмыш конференцияның ұйымдастырушыларына үлкен алғысын жеткізе отырып, бүгінгі таңда дінаралық ынтымақтастықтың қоғамдағы ролі және толеранттылықты нығайтудың негізгі шарттары туралы баяндама жасады.                         

«Баршамыздың Новосибирск қаласында бас қосып, асыл дініміздің өркендеп өсуі мақсатында талқылаған жоспарларымыз Ұлы жаратушымыз Алла Тағаланың қалауымен іске аса берсін! Алдағы уақытта да дінімізге оң септігін тигізетін осындай ғылыми отырыстар көптеп ұйымдастырыла беруін тілеймін! »- деді өз сөзінде.

Конференцияда жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен дінаралық татулықты насихаттау, әлемге қауіп төндіріп отырған экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, бүгінгі дін қайраткерлерінің тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, т.б. ауқымды мәселелер кеңінен талқыланды.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру