Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сомалилік мұсылман әйел Швеция парламентінің депутаты болды

kazislam.kz 19.09.2018 3088 0 пікір
Сомалилік мұсылман әйел Швеция парламентінің депутаты болды

Швецияның Гётеборг (Göteborg) қаласынан Жасылдар және қоршаған орта партиясынан тізімде 21-ші болып депутаттыққа кандидат болып ұсынылған Сомалилік әрі мұсылман саясаткер әйел Лейла Али Елми Парламент депутаты болып сайланды. Бұл туралы Швецияның ТТ ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Қыркүйектің 9-ы күні жалпыхалықтық және жергілікті сайлауда 1 мың 461 дауыс жинаған Сомалилік мұсылман әйел Парламентке кіру құқығына қол жеткізді.

ТТ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында 30 жастағы Лейла Али Елми жеңісіне өте қуанышты екенін жеткізді. Лейла Гётеборгтың маңайындағы елдімекендерде туып, сол жерде өскенін тілге тиек етіп:

«Бұл елдімекендердің ең үлкен проблемаларын мен білемін. Әсіресе, білім беру мен мектеп мәселесі өте күрделі. Экономикалық және  әлеуметтік жағдайы да мәз емес. Парламентте осы проблемаларды көтеріп, шешімін табуға қызмет етемін», ­– деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру