Мектеп сабағынан қалған балалардың ата-аналары енді қатаң жазаға тартылады. Сауд Арабиясы корольдігінің Ағартушылық министрлігі балалардың оқу бағдарламасының 30%-ынан қалыс қалуы балаларға жасалған қорлық деп бағаланады. Ал оның жазасы түрмеге қамалуға апарады, деп жазады Islam Today.
Бұл санатқа енген балалардың ата-аналары бойынша іс қағаздары прокуратураға беріліп, онда балалардың білім алуы заңмен кепілдендіріледі. Балаларын сабақтан қалдырған ата-аналарға қатаң жаза тағайындалады.
Әлеуметтік желілерде бұл жаңалық әртүрлі пікірталас тудырды. Интернет қолданушыларының бір бөлігі саудиялық биліктің бұл бастамасын қолдаса, енді бір топ баланың сабақтан тыс қалдырылуы кемсіту саналып, ата-аналарына қатаң жаза қолдануды шектен тыс шара деп бағалаған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
07.09.2018
4304
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру