Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пәкістанда президент сайлауы өтіп жатыр

www.inform.kz 05.09.2018 3353 0 пікір
Пәкістанда президент сайлауы өтіп жатыр

Сейсенбі күні Пәкістанда 13-ші президент сайлауы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Geo TV телеарнасына сілтеме жасап.

Сайлау парламентте және төрт провинциалдық ассамблеяда 10:00-ден 16:00-ге дейін жалғасады. Оның қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткен күннің өзінде жариялайды.

Мемлекет басшысы лауазымына үш кандидат ұсынылған. Олар: Әділет үшін қозғалыс билеуші партиясының өкілі Ариф Алви, Пәкістан халық партиясынан ұсынылған кандидат Аитзаз Ахсан және оппозиция өкілі Фазл-ур-Рехман.

Қазіргі президент, Пәкістан мұсылмандары лигасы партиясының өкілі Мамнун Хусейн екінші мерзімге өзінің кандидатурасын ұсынудан бас тартты.

Айта кеткен жөн, Пәкістан президентін федералдық парламенттің төменгі және жоғары палатасының, сондай-ақ елдің төрт провинциясы Заң шығарушы жиындарының 1174 депутатынан құралған сайлаушылар алқасы сайлайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру