Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

300 христианды қорғап қалған Нигериялық имам марапатталды

muftyat.kz 14.08.2018 3233 0 пікір
300 христианды қорғап қалған Нигериялық имам марапатталды

 300 христиандықты фулани тайпасының шабуылынан сақтап қалғаны үшін 83 жастағы имам Әлхаджи Абдуллах Әбубу Нигерия президенті Мухаммад Бухаридың қолынан марапат алды, деп хабарлайды islam.ru ақпараттық порталына сілтеме жасаған muftyat.kz сайты. 

Оқиға 24 шілдеде Плато шататындаға Нгар елді мекенінде орын алған. Мал шаруашылығымен күнелтетін фулани халқы христиандарға қарсы шабуыл жасаған. Бас сауғаламақ болған олар имамның үйіне көмек сұрап келген көрінеді.

Қарт имам әйелдер мен балаларды үйіне, ал ер адамдарды мешіттің бір бөлмесіне жасырып қойған. Фуландықтар имамның үйіне келген кезде ол Аллаға жалбарынып дұға етеді. Мұны көрген алаяқтар жөнімен кете барған. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру