Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман қызы беделді оқу орны тарихына енді

kazislam.kz 18.07.2018 3475 0 пікір
Мұсылман қызы беделді оқу орны тарихына енді

Канадада 17 жасар Сакина Ризви Торонто университетінің ең жас түлегі ретінде тарихына енді, деп хабарлайды ummamag.kg.

Мұсылман қызы 14 жасында мектептегі оқуын аяқтап, 3 жылда бакалавр бағдарламасын бітіріп шығады. Жас қыз жоғары оқу орнына информатика мамандығына түседі, соңынан әлемдік діндер тарихына ауысады.

Өз қатарластары 17 жасында мектепті бітіріп жатқанда ол бакалавр бағдарламасын үш жылда оқып,дінтану саласында маман дипломын алды. «Менің қызым бала кезінен білімге құмар, ақылды болып өсті. Біз онымен мақтанамыз» дейді анасы Сайма Әділ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру