Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға музейге бару міндеттелді

kazislam.kz 16.07.2018 3419 0 пікір
Имамдарға музейге бару міндеттелді

Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін істері және дәстүрлерді реттеу комитеті республиканың дін қызметкерлеріне тәжік халқының және жалпы әлемнің тарихы мен мәдениетінен тереңірек хабардар болулары үшін музейлер мен тарихи ескерткіштерге баруды міндеттеді, деп хабарлайды kazislam.kz Islam.ru сайтына сілтеме жасап. 

«Дін қызметкерлері өз елінің тарихын, бабалардың мәдениетін білуге міндетті және дүниетаным заңдылықтары арғы аталарымызға көптеген соғыстар мен қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, өз тілі мен мәдениетін сақтауына көмектесті» дейді комитеттің ресми өкілі Афшина Мукима.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дін істері комитеті имам-хатыбтарды төзімділік пен жалған діни ұғымдарды сынға алған спектакльдерге қатысуды талап еткен еді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру