Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Иерусалимде көне араб тұмары табылды

kazislam.kz 28.06.2018 3325 0 пікір
Иерусалимде көне араб тұмары табылды

Иерусалим ауданында археологтар қазба жұмыстары кезінде ерекше жәдігерді – араб тілінде жазылған бойтұмар тапты.

Алдын ала болжам бойынша, көне жәдігер мыңдаған жыл бұрын жасалған. Ғалымдардың пайымдауынша тұмар қорғап жүру мақсатында жасалған, ал ондағы мәтін осы тұмардың иесін қорғауға арналған. Тұмарда «Кәрім Аллаға иман келтірді, Алла – әлемдердің Раббысы» деген жазу бар.

Қазіргі уақытта ғалымдар бұл бойтұмар жоғалғанын әлде әдейі жерге көмілгенін анықтау үстінде. Сонымен қатар, тұмардың інжу-алқаның бір бөлшегі болғаны немесе иесі оны арнайы қалтада сақтап келгені де зерттелу үстінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру