Бүгін Риядта Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында Министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атап, осы сапардың өзі екі бауырлас елдің арасындағы ерекше қарым-қатынасты қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті.
Өз кезегінде, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мен Корольдік арасындағы әр түрлі: мәдени және діни салалардағы ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, осы қатынастардың бүгінде нығайып, дами түскендігін атады. Сонымен қатар, Әл-Шейхті Қазақстанда өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне» қатысуға шақырды.
Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
04.05.2018
5103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру