Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАНДА ИСЛАМ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

kazislam.kz 19.04.2018 3349 0 пікір
ӨЗБЕКСТАНДА ИСЛАМ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

Халықаралық Ислам академиясы мен Өзбекстандағы «Ғылыми Ғабизат» елде діни білім беруді арттыруды қолға алды. Бұл туралы республика президенті Шавкат Мирзиев жергілікті баспасөзде жазды.  

«Ташкент Ислам университетінің базасында Халықаралық Ислам академиясы құрылады. Оның филиалдары Қарақалпақстан, Самарқанд, Наманган және Сурхандария облыстарында жұмыс істемек. Сондай-ақ, жоғары діни білім беру мекемесі түрінде ғылыми мектептің құрылуын көздейміз. Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы ислам, ислам құқығы, ислам экономикасы және қаржы салаларында, сондай-ақ шет тілдері - араб, парсы, ағылшын, орыс, урду, түрік және неміс тілдерінде зерттеулер жүргізеді»  деп жазылған.

Сонымен қатар Діни істер жөніндегі комитет діни және әлеуметтік пәндерді ақпараттық-талдау  орталық құрмақ. Діни тақырыптарға арналған баспасөздегі материалдар мен мақалаларды талдау, факторларды анықтау, әлеуметтік жағдайға теріс көзқарастарды талдау жұмыстарын жүргізді жоспарлап отыр.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру