Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының «Әл-Азһар» университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық келісіміне сәйкес бір топ имамдарымыз көне Каир қаласына келді.
Мәшһүр оқу ордасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қолдауымен ҚМДБ-ға қарасты өңірлердегі мешіттерде қызмет атқарып жүрген имамдарымыз екі ай бойы Құран, хадис ілімі және лаңкестік пен экстрезимге қарсы біліктіліктері мен білімдерін арттыру мақсатында мол тәжірибе алып, білімдерін шыңдайды.
Айта кету керек, имамдарымызға екі ай бойы арнайы жатақхана мен үш мезгіл ас-су т.б. қажетті заттармен тегін қамтамасыз етіліп, барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Мұхамеджан Естеміров, Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы
05.03.2018
4516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру