Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі имамдарды қабылдады

Мұхамеджан Естеміров, Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы 05.03.2018 3406 0 пікір
Қазақстанның Мысырдағы  Елшісі имамдарды қабылдады

Каир қаласында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Қайратұлы Исағалиев мырза елімізден оқуға барған бір топ имамдарды қабылдады.

Кездесу барысында Елші Арман Исағалиев мырза Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен ұйымдастырылған біліктілікті арттыруға арналған курстың маңызына айрықша риза екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Елші Арман Қайратұлы сөз арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен екі елдің мәдени салада бірлесіп әрекет жасауында қазақ жерінде туылып, XIII ғасырда Мысыр мен Сирияны билеген атақты Сұлтан Заһер Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты Сұлтан Заһер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру бойынша жұмыстарының қарқын алып жатқанын айтты.

Кездесу барысында, Елші Арман Қайратұлы имамдарымызға пайдалы білім алып, еліміздің бүгіні мен болашағы үшін аянбай қызмет ету қажеттілігіне тоқталды.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру