Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды

baq.kz 31.01.2018 3999 0 пікір
Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында мұсылман әйелдерге ерлер футболын қарауға тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Ірі діни және академиялық Дар уль-Улюм Деобанда атты орталықта қызмет ететін мүфтилердің бірі Атар Касми әйел қауымына ерлер футболын қарауға тыйым салынғанын айтты. Бұған басты себеп – футболшы азаматтардың матч барысында жартылай жалаңаш жүрулері. Мүфтидің айтуынша, бұл ислам дінінде белгіленген постулаттарға қарсы. Мұнымен қатар, ол әйелдеріне футбол қарауға рұқсат беретін ер азаматтарды сынады.

«Сіздерде ар-ұят жоқ па? Ең болмаса, құдайдан қорықсаңыздар қайтеді? Әйелдерге футбол матчтарын көрудің не қажеті бар? Ер адамдарға қарағаннан не пайда? Олар есеп нәтижесін де бақыламай, ерлерге қарап отыратын болады», — дейді Касми мырза.

Мұсылман әйелдердің құқығын қорғайтын белсенділер бұл сыни пікірге наразылықтарын білдірді.

«Сонда әйел қауымы теннисті де, жүзу чемпионатын да көре алмай ма? Олардың ерлер спортын қарағанында адамгершілікке жат не бар?» — дейді олар.

Мұнымен қатар, басылым аталған елде әйел қауымына сұлулық салондарына барып, тырысып тұратын киім киюге тыйым салынғанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру