Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ КЕСЕНЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

kazislam.kz 30.01.2018 3331 0 пікір
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ КЕСЕНЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Үндістанның Жамму және Кашмир штатындағы Сринагар қаласында Мұхамед Хайдар Дулати жерленген кесене жаңартылды. Әйгілі әдебиетші, «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы, Үндістанда ұлы моғолдар империясының сұлтандары жерленген «Мазар-и-Салатин» қорымында жатыр. Мола басында урду және ағылшын тілінде жазылған тақтатас бар. Ақпараттық тақта 2015 жылдың қыркүйек айында орнатылған.

Сонымен қатар Кашмир университетіндегі Орталық Азияны зерттеу орталығының қолдауымен «Мұхаммед Хайдар Дулати: Қазақстан мен Үндістан арасындағы алтын көпір» атты халықаралық конференция өтті. Онда қазақстандық және үндістандық ғалымдар белгілі тарихшының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Елші Болат Сәрсенбаев Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық ынтымақтастығы туралы ақпарат беріп, білім саласындағы байланыстың нығайып келе жатқанын айтты.

«Кесененің он алтыншы ғасырдағы қалпына қайта келтірдік деп айтуға болады. Бұл жерде де Мұхаммед Хайдар Дулати және оның туыстары жатыр»,- деді елші.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру