Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

kazislam.kz 15.01.2018 3459 0 пікір
ӨЗБЕКСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Өзбекстанда биыл Халықаралық Құран жарысы өтеді, деп хабарлайды kazislam.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы республиканың министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитеті хабарлаған. Құран фестивалі Бұхара облысындағы биыл ғана ашылған «Мир Араб» жоғары медресесінде ұйымдастырылмақ.

«Бірінші халықаралық Құран фестивалін өткізу туралы бастамаға үкімет қолдау көрсетті. Қазір біз оның бағдарламасын әзірлеуге кірісіп жатырмыз. Конкурс құжатын жаз маусымына қарай үкімет бекітеді» делінген комитет хабарламасында. Мекеме мәліметінше, Құран фестивалін өткізудегі басты мақсат – дәстүрлі ислам, мәдени құндылықтарды таныту. Айта кету керек, қазір Өзбекстанда 32 миллион тұрғын бар. Оның 94%-ы – мұсылмандар, 3,5% – православтық христиандар, қалғаны – өзге діни конфессия өкілдері. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру