Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Йеменде дифтерия індеті тарала бастады

muftyat.kz 11.01.2018 3412 0 пікір
Йеменде дифтерия індеті тарала бастады

Соңғы күндері ауру кесірінен 48 адам қаза тапқан, деп хабарлайды 24.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған. Аймақта аты жаман дертке шалдыққандар саны тамыз айынан бастап көбейген. Қазірде індетті жұқтырғандар елдің барлық өңірінде кездеседі. Дегенмен басым бөлігі Ибб провинциясында. Айта кету керек, Йемен халқынан береке кеткелі бірнеше жыл өтті. Елде азамат соғысы жүріп жатыр. Өзара қақтығыс салдарынан денсаулық сақтау саласы тұралап қалған. Жергілікті медициналық ұйымдар індеттің таралуын тежеуге дәрменсіз. Сорақысы сол, бұл дертке көбіне жас балалар шалдығады. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, бүгінде мемлекеттің 70 пайыздан астам тұрғыны гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Невио Загария, ДДС ұйымының өкілінің айтуынша, індетті жұқтырғандардың көбі 5-пен 15 жас аралығындағы балалар. Дифтериядан бөлек мұнда тырысқақ дерті де көптеп таралып жатыр. Алайда дифтерия өте қауіпті. Ауруға шалдыққан адамды құлан таза айықтыру қиын.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру