Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия Еуропаның төрт елінде исламофобияны тергеуді бастады

muftyat.kz 09.01.2018 3172 0 пікір
Түркия Еуропаның төрт елінде исламофобияны тергеуді бастады

Түркия парламенті Еуропа одағындағы төрт елде исламофобияға қатысты жағдайды тергеу бойынша өз комиссиясын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі РИА новости агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Belga агенттігінің мәліметіне сәйкес, депутаттар исламофобия мейлінше көрініс тауып отырған мемлекеттер – Австрия, Германия, Франция және Бельгияны нысанаға алып отыр. Олар бұл елдерден жергілікті жерде тергеу жүргізуге рұқсат алуды жоспарлап отыр. Комиссия 9 қаңтарда жұмысқа кіріседі. 

 

Басылымның жазуынша, түрік парламентінің бастамасы Австрия азаматтарының нәсілшілдік пікірлеріне жауап болып отыр. Осы елде 2018 жылы туған алғашқы сәбидің ұлты түрік деген ақпараттан кейін жағымсыз сөздер көп айтылған. 

Мұсылмандарға киліккен Австрия алғаш рет айыпталып отырған жоқ. Өткен жылы маусымда сол кезде сыртқы істер министрі болған Себастьян Курцтің республикадағы мұсылман балабақшаларын жабу туралы ұсынысы көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. 

 

 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру