Египет мүфтиі шейх Шавки Аллам «ислам нормаларында» тыйым салынуына байланысты биткоинмен сауда жасауға тыйым салу туралы пәтуа шығарды.
Мысыр мүфтиінің пайымынша, криптовалюталармен сауда жасауда «алаяқтық, алдау және зұлымдық» іс-әрекеттерінің араласуынан сақтану мүмкін емес. «Биткоиндарға шариғатпен тыйым салынады. Себебі, бұл жекелеген тұлғаларға топтарға немесе мекемелерге зиян алып келеді» делінген «Al Ahram» газетіне шыққан пәтуада мәтінінде.
Еске сала кетсек, биткоиндармен сауда жасауға арналған алғашқы алаң Египетте 2017 жылдың тамыз айында ашылған. Алайда, желтоқсан айында ел билігі криптовалютаны заңсыз деп таныды. Мысыр мүфтиінің орынбасары Магди Ашор Egypt Today-ға берген сұхбатында биткоиндар «террористерді тікелей қаржыландыруға» қолданылатынын мәлімдеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру