Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабиясы мен БАӘ-де тауарларға қосымша құн салығы енгізіледі

24.kz 04.01.2018 3695 0 пікір
Сауд Арабиясы мен БАӘ-де тауарларға қосымша құн салығы енгізіледі

Жаңа жылдан бастап Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінде тауарларға қосымша құн салығы енгізілді.

Бұл арқылы қос мемлекеттің билігі қазынаны толтыруды көздеп отыр. Өйткені әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандағалы кіріс азайып, қор ортайған.

Ал қосымша құн салығы 5 пайызға тең. Еуропа елдерімен салыстырғанда бұл өте аз. Кәрі құрлықта салықтың бұл түрі 20 пайыз. Қосымша құн салығы азық-түлік, киім-кешек, жанар жағармай мен қонақ үй қызметтеріне әсер етеді. Дегенмен әзірге жылжымайтын мүлік пен дәрі-дәрмек, білім беру саласы және билеттердің құны бұрынғысынша қалады.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, салықтың қосылуы Біріккен Араб Әмірлігіндегінде өмір сүру деңгейін екі жарым пайызға қымбаттатуы мүмкін. Сонымен қатар алдағы жылы Парсы шығанағындағы өзге мемлекеттер де қосымша құн салығын енгізеді деген болжам бар.

Қосымша құн салығы табысы шектеулі азаматтарға салмақ салады. Айлығы шайлығынан артылмайтын адамдар бар. Соларға ауыр тиетін болды.

Қосымша құн салығының пайызы соншалықты көп емес. Бірақ тұрғындар шығынымыз артатын болды деп алаңдаулы. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру