Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін брифингке қатысады

baq.kz 03.01.2018 3259 0 пікір
Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін брифингке қатысады

Қаңтардың он сегізінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін жоғары дәрежелі тақырыптық брифингте сөз сөйлейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ол жерде жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі әңгімеге арқау болады. Бұл туралы БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәжілісінде хабарлады. Келелі жиынға сондай-ақ өзге елдердің де басшылары мен министрлері қатысады. Ал он тоғызында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты арттыруға бағытталған министрлік деңгейіндегі дебатқа төрағалық етпек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру