Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәжікстан ата-аналарына қарамағандарға жазаны күшейтті

baq.kz 29.12.2017 3681 0 пікір
Тәжікстан ата-аналарына қарамағандарға жазаны күшейтті

Тәжікстан парламенті 21 желтоқсанда қарт ата-аналарына дұрыс қарамағандарға жазаны күшейтетін заң қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін ата-аналарын асырамағандар 120 сағаттан екі жылға дейін түзету жұмыстарына жіберілетін немесе екі жылға сотталатын.

Соңғы жылдары елде экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ата-аналардың сотқа жүгінуі жиілеп кетті.

Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер бойынша ата-анаға жауапты деп танылған адам оларға қамқорлық жасамаған жағдайда үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

2016 жылы Тәжікстан балалардың ата-аналары үшін жауапты екенін заңмен рәсімдеген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру