Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәжікстан мектептерінде шырша қоюға тыйым салынды

islam.kz 26.12.2017 3621 0 пікір
Тәжікстан мектептерінде шырша қоюға тыйым салынды

Тәжікстан мектептерінде жаңа жылдық шырша қоюға тыйым салынды. Аталған елдің білім және ғылым министрлігі осындай пәрмен беріп отыр.

Аталмыш министрліктің баспасөз хатшысы Эхсон Хушвакт хабарлағандай, мұндай шешім ақша жинауға жол бермеу мақсатында ата-аналар тарапынан түскен өтініш негізінде қабылданған.

Ата-аналар шығындағысы келмейді деп емес, ысырапшылдыққа бармау үшін осындай қадамға барды деп түсіну керек. Десе де аталмыш министрлік өкілдері жаңа жылды мерекелеуге қоғамдық орындарда тыйым салмайды.

Бір айта кететіні, тәжік оқушылары қысқы каникулда бір ай бойы, дәлірегі, қаңтар айының 1-нен 31-не дейін демалады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру