Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғалымдар: Бойдақтарға қарағанда ерлі-зайыптылар өмірдің рахатын өте жақсы сезінеді

Фото: inform.kz baq.kz 26.12.2017 5619 0 пікір
Ғалымдар: Бойдақтарға қарағанда ерлі-зайыптылар өмірдің рахатын өте жақсы сезінеді

Канаданың ғалымдары үйленген және өзінің жұбымен өмір сүретін адамдар өмірдің рахатын бойдақтарға қарағанда өте жақсы сезінетіндерін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. 

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу нәтижесі Journal of Happiness Studies журналында жарияланды.

Ванкувер экономикалық мектебінің өкілдері Шон Гровер және Джон Хэлливелл Біріккен Корольдік азаматтарының моральды-психикалық жай-күйінің деңгейі туралы мәліметтері бар екі деректер базасына зерттеу жүргізген.

Бірінші базада 30 мың адамның отбасылық жағдайы мен олардың өз статусын субъективті бағалауы жөнінде ақпараттар болған. Ал екінші базада осыған ұқсас 350 мың британдық туралы мәліметтер қарастырылған.

Зерттеушілер осы деректер базасын зерделей отырып, некедегі адамдардың бойдақтарға қарағанда өмірдің рахатын сезінуі жоғары деңгейде екенін анықтады. Сол себепті отбасылы британдықтар бойдақтарға қарағанда өздерін бақыттырақ сезінетіні белгілі болып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру