Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тоқаев Иерусалимнің статусын талқылайтын саммитке қатысады

baq.kz 13.12.2017 3551 0 пікір
Тоқаев Иерусалимнің статусын талқылайтын саммитке қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты ИЫҰ-ның төтенше саммитіне қатысады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Түркия Республикасының Президенті, ИЫҰ-ның қазіргі төрағасы Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен шақырылған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төтенше саммитіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады", - деп жазылған хабарламада.

Саммит 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өтеді. Саммиттің күн тәртібіне «Иерусалим қаласының мәртебесі туралы» мәселе қойылған.

Сондай-ақ, ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру