Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабия кинотеатрларға салынған 35 жылдық тыйымды жояды

www.muftyat.kz 12.12.2017 3106 0 пікір
Сауд Арабия кинотеатрларға салынған 35 жылдық тыйымды жояды

Қазіргі таңда Сауд Арабияда күш алып келе жатқан жаңа әлеуметтік реформалар аясында елдегі кинотеатрлар қызметіне салынған 35 жылдық тыйым жойылмақ.

Бүгін САК үкіметі кинотеатрларды басқаруға, соның ішінде, коммерциялық операторларға рұқсат беруді бастау шешімін қабылдады, деп жазады Интерфакс-дін.

Алғашқы кинотеатрлар келесі жылдың наурыз айында ашылады деп ұйғарылуда, -  деп атап өтті Сауд Арабия мәдениет және ақпарат министрі Аввад Алаввад. САК үкіметінің бағалауына сәйкес, 2030 жылға қарай Корольдікте  шамамен 2 мыңнан аса залдары бар 300  кинотеатр ашылады деп күтілуде. Бұл 30 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына әрі ІЖӨ-ге 24 миллиард доллар кіріс кіргізеді деп болжануда.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабияда кинотеатрларға 1980-ші жылдардың басынан бастап тыйым салынған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру