БАӘ-гі балалар семіздігімен күресетін комитет өз алдына 2020 жылға дейін кәмелетке толмағандардың дене салмағының орташа көрсеткішін 15% азайту міндетін қойып отыр.
Сәйкес міндет Әбу Дабиде өткен семіздік бойынша форум аясында да айтылған болатын. Сонымен қатар, балалардың артық салмағы мәселесін шешу нұсқаларының бірі ретінде — мектептердің маңындағы жылдам тамақтану орындарының ашылуына шек қою қарастырылуда.
Келесі тыйым салулар балаларға зияны бар тағамдарды жарнамалауға қатысты болмақ. Өндірушілер азық түліктің құрамын көрсетуде арнайы сигналдық белгілерді қолдануға міндеттелмек. Мысалы үшін, құрамында көп мөлшерде тұз, май және қант бар өнімдер қызыл түспен белгіленетін болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
12.12.2017
3673
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру