Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд билігі автокөлік жүргізуге ниетті қыз-келіншектерге өз талаптарын жариялады

www.muftyat.kz 11.12.2017 3680 0 пікір
Сауд билігі автокөлік жүргізуге ниетті қыз-келіншектерге өз талаптарын жариялады

 Сауд қыз-келіншектері жүргізуші куәлігін алуға дайындалуда.

Сауд Арабия үкіметі жүргізуші куәлігін алып, авто көлік жүргізгісі келетін нәзік жандарға арнап талаптар тізімін құрған. 

Аталмыш талаптар тізімі имам Мұхаммед ибн Сауд Ислам университеті ұйымдастырған тарихта бірінші рет орын алып отырған  қыз-келіншектердің авто көлік жүргізу мәселесіне арналған Эр-Риядта өткен Жалпыұлттық форумда ұсынылған.

Сонымен, өз авто көлігін жүргізуге ниетті нәзік жандылар 18-ден, ал қоғамдық транспортты жүргізуге үміткерлер — 20-дан жасы кіші болмауы керек.  Қыз-келіншектер сотталмаған болуы қажет. Сонымен қатар, барлық үміткерлер медициналық тексеруден өтуі тиіс. 

Барлық қажетті анықтамаларды алған соң, қыз-келіншектер жол жүру ережелерін білетіндігіне сынақтамадан әрі емтиханның тәжіриблік бөлігін өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру