Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ауылдық мешіт облыстық турнир ұйымдастырды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.12.2017 2976 0 пікір
ШҚО: Ауылдық мешіт облыстық турнир ұйымдастырды (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен ауыл, аудан имамдарына қасиетті Мәуліт айының құрметіне барлық халыққа қолжетімді деңгейде шаралар ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжыра ауылында «Қасымқан мешітінің» ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай «Еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық турнир» өтті.

Шараға облыстың барлық аудандарынан әр салмақ дәрежесінде жас палуандар сынға түсті. Сайысты тамашалауға ауыл халқы молынан жиналды. Бәсеке күш иелерінің арсында екі күн бойы аса тартысты болды.

Сайысты қарсыластарын боз кілемде тізе бүктіріп, ересен күшімен танылған жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Бұл сайысты Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірге келген Мәуліт айының құрметіне орай жасап отырмыз. Бәсеке жасөспірімдердің спортқа қызығыушылығын арттырып отыр» деп атап өтті, турнирді ұйымдастырушы «Қасымқан мешітінің» имамы.

Бәсеке жоғарғы деңгейде өтті. Сайысты облыстық мешіттің наиб имамдары тамашалады.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру