Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ-нің тұрғыны өз үйін он мыңдаған жалаушаларымен көмкеріп қойды (Фото)

www.muftyat.kz 04.12.2017 3484 0 пікір
БАӘ-нің тұрғыны өз үйін он мыңдаған жалаушаларымен көмкеріп қойды (Фото)

БАӘ-нің тұрғыны өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсететін ерекше отансүйгіштік рекорд жасады. 

«Русские эмираты» ресурсы мәлімдегендей, Умм-Әл-Кувейна Хумейд Әл Әли тұратын үйін БАӘ-нің 60 мың жалаушаларымен безендіріп қойған, сонымен қатар, 30 мың жалаушаны көршілеріне таратып берген екен.  

Мұсылман өз вилласын түгелдей жалаушалармен безендіруіне екі-үш жыл уақыт кеткен. Оның айтуына қарағанда, ол ең алғашында үш мың жалаушаны орнатқан, өткен жылы 30 мың жалауша тіксе, ал биыл жалаушылардың санын 60 мыңға жеткізген екен.

Хумейд Әл Әли үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанында құрылғанына 46 жыл болған өз еліне деген сүйіспеншілігі мен Отанға шын берілгендігін айқындайтын бұдан да басқа рекордтар жасауға ниетті екендігін айтқан.

Житель ОАЭ покрыл свой дом десятками тысяч флагов (Фото)

Житель ОАЭ покрыл свой дом десятками тысяч флагов (Фото)

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру