Барлық діндер ғибадатханасына кез келген адам келе алады.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында өртеніп кеткен Қазан барлық діндер ғибадатханасы саяхатшылар үшін есігін қайта ашты.
Ең қызығы, бұрында бұл ғибадатхана жеке аумақ болып саналғандықтан, оның есігі келушілерге жабық болатын. Енді туризмді дамытуға қолғабыс ететін комитет сайтында мәлімденгендей, бұл ғибадатханаға әрбір тілек білдіруші келе алады.
Естеріңізге сала кетсек, барлық діндер ғибадатханасында өрт 10 сәуірде болған. Өрт салдарынан ғибадатхана ғимараты қатты зақымданған болатын.
Ғибратхананы салған сәулетші Ильдар Хановтың жақын серіктесі әрі бұрынғы прораб Мансур Зиннатов есімді адам осы өрттің құрбаны болған.
Ғибадатхананы қалпына келтіру жұмыстары маусым айының соңынан бері жалғасып келген болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
01.12.2017
4310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру