Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй үстіміздегі жылда Сауд Арабияға ресми сапармен екінші мәрте келді.
Сапар аясында ол Корольдіктің басшыларымен келіссөз жүргізбек, ал талқыланатын басты тақырыптар Сауд Арабияны түрлендіру және САК британ қару-жарағының жеткізілімі жөнінде болмақ.
Естеріңізге сала кетсек, Тереза Мэйдің Эр-Риядқа алдыңғы келуі үстіміздегі жылдың сәуір айында орын алған болатын. Сол кезде премьер-министр Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен кездескен.
Сауд Арабия БАҚ-ы жазғандай, бірінші сапарындағыдай осы жолы да британ үкіметінің басшысы Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі мен Сауд корольдігі сарайының Корольдікке келетін қыз-келіншектердің орамал тағып, ұзын көйлек киюі тиіс деп айтқан ұсыныстарын көзге де ілмеген екен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
01.12.2017
4018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру