Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы «Жыл адамы» атануы мүмкін

www.muftyat.kz 30.11.2017 3375 0 пікір
Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы «Жыл адамы» атануы мүмкін

Time  журналының нұсқасы бойынша, Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман «Жыл адамы» атану жарысының жеңіске үміткері болып табылды. 

Баспа сайтында жүргізілген сауалнама бойынша қазіргі уақытта оған  21% дауыс берілген екен. Оның жақын бәсекелестері көштен кейін қалуда. АҚШ президенті Дональд Трамп және Канада премьері Джастин Трюдо үшін сауалнамаға қатысушылардың 5% ғана дауыс берген. 

Ресей президенті Владимир Путин мен Хиллари Клинтон тек  4% ғана дауыс  жиған.  Жалпы алғанда, «Жыл адамы» атауына үміткер 33 адам, солардың ішінде, Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын, Германия канцлері  Ангела Меркель, Қытай президенті және Франция  президенті Эммануэль Макрон да бар.

Естеріңізге сала кетсек, Time журналы «Жыл адамы» ауқымды сауалнамасын 1927 жылдан бастап жүргізіп келеді. Қағида бойынша, аталмыш сауалнама нәтижесі желтоқсан айының басында жарияланады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру