Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандардың әскери одағы өз жұмысын бастады

islam.kz 28.11.2017 3804 0 пікір
Мұсылмандардың әскери одағы өз жұмысын бастады

Сауд арабиясында коалиция тарихында тұңғыш рет ислам әскери одаққа мүше мемлекеттердің басшылары бас қосты.

Айтулы кездесуде Саудияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман әл Сауд аталмыш коалицияның өз жұмысын бастағанын ресми түрде жария етті.

Аталған одақ терроризмнің кез келген түрімен мұсылман елдерінің әскери, саяси және қаржылай күш біріктіруі арқылы күресуді алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл одаққа 41 мемлекет мүше екенін айта кету керек. Бұл, әлбетте, үлкен күш.

Тағы бір айта кететіні, құрылуы туралы бастама 2015 жылы көтерілген бастамадан шииттік елдер тыс қалған болатын. Атап айтқанда, Иран, Ирак, Сирия бұл одаққа мүше емес. Катар да араб елдерінің байкот жариялауына байланысты бұл одақтың жұмысынан шет қалып отыр. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру