Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Фиджи аралында орасан зор мешіт бой көтерді

www.muftyat.kz 28.11.2017 3444 0 пікір
Фиджи аралында орасан зор мешіт бой көтерді

Фиджи аралды мемлекетінде Тынық мұхитының оңтүстік аймағындағы орасан зор мешіттердің бірі салынуда.

Фиджи аралының Лаутоке қаласында қазіргі таңда көлемі жағынан екінші орында тұрған, құны миллион доллардан асып түсетін мешіт құрылысы жүргізілуде.

Фиджи мұсылман ұйымының президенті Әбу Пакар Садык Койяның айтуына қарағанда, аталмыш мешіт 2018 жылдың қыркүйек айында халық игілігіне берілмекші.

«Бұл құрылысқа 1,2 млн доллар жұмсалмақ және аталмыш кешенге мешіттен бөлек медициналық және хирургиялық орталық  та кіреді», - деп түсіндірді Койя.

Сондай-ақ, мешітте жетімдерге арналған жайлар және балаларға дін негіздерін үйрететін академия да болады, деп мәлімдеді Fiji Times.

«Бұл мешіттің құрылысы қайырымды жандардың көрсеткен қайырының арқасында жүріп отыр».

Фиджиде осындай ислам орталығын салу — Әбу Пакар Садык Койяның марқұм анасының арманы болған екен, ал мұсылман көшбасшысы болса марқұм анасының арманын жүзеге асыру үшін тырысып жүр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру